Біздің ерекшеліктеріміз...

  • Шағын сыныптар: Мұғалім әр баламен жеке жұмыс істеп, білім деңгейін жеке қадағалай алады.
  • Заманауи инфрақұрылым: Мектептер интерактивті тақталармен,  қажетті технологиялармен жабдықталған.
  • Тілдік дайындық: Мектебімізде ағылшын, араб, орыс тілдерін тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөлінеді.
  • Қосымша білім беру: Спорттық секциялар, өнер үйірмелері мен робототехника сияқты жан-жақты дамыту курстары мектеп базасында жұмыс істейді.
  • Қауіпсіздік және жайлылық: Мектеп аумағы күзетіледі, 3 мезгіл тамақ беріледі және балаларды тасымалдау қызметі (школьный автобус) қарастырылған.
  • Ыңғайлы оқу уақыты: Оқушылар мектепте толық күн бойы болып, үй тапсырмаларын сонда орындап шығады.

Жақсы мектепті таңдау — бұл тек білімге ғана емес, сонымен қатар баланың тұлға болып қалыптасуына, психологиялық жайлылығына және болашақ мансабына жасалған маңызды инвестиция.